• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қаңтар, 2020

Ақмола жолдарында ондаған адам құтқарылды

281 рет
көрсетілді

Биыл қыс жұмсақ болғанымен, ауық-ауық ұйытқи соғатын боран жолаушылардың жолда қаңтарылып қалуына себепші болып отыр. Ақмола облысы төтенше жағдайлар, полиция департаменттерінің қызметкерлері таяуда облыс жолдарында ондаған адамдарды құтқарды.

Соңғы боран соқталанған нағыз май боран болды. Дымқыл болғандықтан, жұмарланып жабысып жатыр. Соның салдарынан облыс ішіндегі күре жолдар кептетіліп қалды. Қыстың қатал сыншы екендігін білетін, тастүйін дайын тұрған құтқарушылар жүздеген машиналарды қарлы жолдардан эвакуациялады, талай адам жылыту орындарына орналастырылды. «Қазгидромет» РМК алдын ала ескерткен күрделі метеорологиялық жағдай үлкен қиындық туғызды.

Облыс жолдарының бес учаскесінде жол жабылды. 22 жылжымалы бақылау-өткізу пункті қойылды. Жағдайды қалыпты ұстауға ондаған автомобильдер мен жүздеген құтқарушылар мен төтенше жағдайлар күштері жұмылдырылды. Өткізу пункттерінде төтенше жағдайлар және жергілікті полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 394 түрлі көлік, бес жүзден астам адам тоңып-жаурамай аман қалды. Шортанды, Жақсы және Аршалы аудандарында жүргізілген апаттан құтқару жұмыстарының нәтижесінде де қар құрсауынан жүздеген техникалар мен адамдар эвакуацияланды.Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

 

Ақмола облысы