• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қаңтар, 2020

Ақмолада 52 мың адам сапалы сумен қамтамасыз етілді

432 рет
көрсетілді

2019 жылы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына республикалық және облыстық бюджеттен 32,7 миллиард теңге бөлінді. 16 бағдарлама бойынша 86 жоба жүзеге асырылды. «Ауыл – ел бесігі» жобасына 454,2 миллион теңге бөлінді. Зеренді мен Астрахан селоларының бу қазандығы қалпына келтірілді.

Аршалы кентінде бу қазандығы мен жылу жүйесінің құрылысы басталды. Сондай-ақ, қысқа дайындық кезінде 75,1 шақырым жылу жүйесі жөнделді. Ақмола облысында 616 елді мекеннің 372-сі орталықтандырған сумен қамтамасыз етілген. 20 елді мекен ауыз суды тасымалдап ішеді.

2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға 158,3 миллион теңге бөлінді. Қалалар аумағын дамыту бағдарламасы бойынша Жібек Жолы мен Қосшы селоларына су құбыры жүйесін жөндеуге қомақты қаржы бөлінді. Селоларды сумен қамтамасыз етуге 5,9 миллиард теңге, Щучинск-Бурабай курортты аумағын дамытуға 4,1 миллиард теңге, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Степногорск қаласының су құбыры жүйесін жөндеуге 4,4 миллиард теңге бағытталып отыр.

Өткен жылы Қосшы кентінің су құбыры жүйесін шеңберлендіру жобасы іске қосылды. Щучинск-Бурабай курортты аумағын дамытудың екі жобасын, Аршалы кентіндегі су құбыры жүйесінің 9 жобасын іске қосу жоспарлануда. Өзге жобалар 2020 жылы жүзеге асырылады. Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету бойынша облыстың 13 елді мекенінде 194 миллион теңгенің іздеу-барлау жұмысы жүргізілді. Биылғы жылы пайдалануға берілген 13 нысанның есебінен 52 556 адам сапалы сумен қамтамасыз етілді.

2019 жылы жылу энергетикалық жүйесін дамытуға 251,2 миллион теңге бөлініп, Нұресіл селосы, 96 разъезд бен Щучинск қаласының электр жүйесі жөнделді. Макинск құс фабрикасының электр жүйесі құрылысына қомақты қаржы бөлінді. Сөйтіп, 10 жобаны жүзеге асыруға 2,4 миллиард теңге бөлінді. Целиноград ауданының Нұресіл ауылының тұрғындары электр жарығымен, Щучинск қаласының 8 көшесі көше жарығымен қамтамасыз етілді.

«Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысына облыстық бюджет есебінен 168,1 миллион теңге бөлініп, Аршалы мен Целиноград аудандарының 17 елді мекеніне жобалық-сметалық құжат жасау бойынша 13 жоба жүзеге асырылды. Бүгінгі күні 8 жобаның мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды. 5 жобаның құжаты мемлекеттік сараптамада жатыр. Төрт жобаның құрылыс-монтаж жұмысына конкурс жарияланды. 2020 жылы 7 елді мекенде газ құбыры жүйесінің құрылысы басталады. Бұл Аршалы мен Целиноград аудандарының 10500 тұтынушысын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Ақмола облысы