• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Парламент 08 Қаңтар, 2020

Сенаторлар жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

230 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Алматы облысындағы жұмыс бабындағы сапар аясында Жамбыл ауданында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Депутаттар Жамбыл ауданының активімен кездесті. Жүздесу барысында халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру және шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері көтерілді. Сенаторлар проблемалық мәселелер атқарушы органдардың назарына ұсынылып, жеке бақылауға алынатынын атап өтті.

Сенаторлар сонымен қатар Ақтерек ауылындағы жаңа көпір құрылысымен де танысты. Олар сапар аясында Жамбыл, Қарақыстақ, Аққайнар, Шиен, Дегерес елді мекендерінде болды.

Соңғы жаңалықтар