Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде қылмыстық заңнаманы жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселесі талқыланды.
Жиында Тергеу департаментінің бастығы полиция полковнигі С.Ә. Әділов Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары тергеу аппаратының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қолдануға дайын екенін хабарлады.
Осы заң Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 10-тарауының 69-бабына және Қылмыстық-процестік кодексінің 72-бабына өзгерістер енгізеді.
Іс-шара барысында жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатудың ерекшеліктері жарияланды. Жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша татуласу мүмкіндігінің алынып тасталғаны аталып көрсетілді.
Малды ұрлаудың алдын алуға бағытталған шаралар сипатталды. Қылмыстық заңның малды ұрлау туралы жаңа нормасы ұрлықтың басқа түрлеріне қарағанда анағұрлым қатаң жауапкершілікті көздейді. Қайта татуласу мүмкіндігі алып тасталынды.
Өз кезегінде Тергеу департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Ж. Қожаев азаматтардың әл-ауқатының өсуімен және автопарктың артуымен қатар мас күйде көлікті басқару заң бұзушылықтарының өсіп отырғанын мәлімдеді. Осындай қылмыстар үшін жазаны көздейтін қылмыстық нормалардың санкциялары едәуір қатаңдатылды.
Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау шараларын күшейту бойынша жұмыс жалғастырылды. Киіктерді заңсыз аулау үшін дербес, анағұрлым қатаң жауапкершілік енгізілді, бұл сирек кездесетін жануарлардың азайып бара жатқан санын сақтауға мүмкіндік береді.
Жұртшылықтың назарына есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша шаралар туралы ақпарат жеткізілді. Қылмыстық кодекстің насихаттау және заңсыз жарнама туралы жаңа бабы қоғамда есірткі құралдарын заңсыз тұтынуға және оның айналымына деген жағымды көзқарас қалыптастыруға бағытталған кез келген нысандағы ақпараттың таралуын ескертуге арналған.
Ауыр және аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауапкершілікті қатаңдататын заң ережелері ағымдағы жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енеді.