• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қаңтар, 2020

Қаскелеңдегі жарылыста зардап шеккен екінші адам қаза болды

192 рет
көрсетілді

Қаскелең қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің бірінде болған жарылыста зардап шеккен екінші адам көз жұмды. 

«Бүгін кешкі сағат 17:00-дер шамасында ауруханада 1939 жылғы, яғни 81 жастағы қарт кісі көз жұмды», - деп мәлімдеді Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, қал-жағдайларын білді. Қаза болған отбасына барып көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.

Осыған дейін Алматы облысында көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза болғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар