• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 09 Қаңтар, 2020

Мәжіліс депутаттары Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

223 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев жұмыс сапарымен Зеренді ауданының Қызылсая ауылында болып, тұрғындардың сауалына құлақ түрді. Сондай-ақ Мәжілісі депутаттары Тұрғын Сыздықов пен Владислав Косарев Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті.

Сапар барысында Мәжіліс депутаты «Молдашев» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда шаруашылық қазақтың ақбас сиыры және Еділбай қойын өсірумен айналысады. Ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде аграрлық секторды дамыту, жеке мал шарушылығымен айналысу мәселесі көтерілді. Тұрғындар тарапынан бірқатар түйткілді мәселелер айтылды. Оның ішінде ауыл тұрғындары ұялы байланыстың жоқтығы, Қызылсая және Дөңгілағаш ауылдары арасындағы жолдың тозғандығы депутаттың назарына алынды. Сонымен қатар, Владислав Косарев өңірдегі іргелі кәсіпорын саналатын «Altuntau Kokshetau» акционерлік қоғамында болып, ұжыммен кездесті.

Одан бұрын халық қалаулылары Зеренді ауданына ат басын бұрып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көрді. Ал Атбасар ауданында депутаттардың жұмыс сапары осындағы аграрлық-индустриалдық колледжді аралаудан басталды. Колледж оқытушылары мен оқушылары меймандарға толғандырған сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Атбасар қаласындағы №3 орта мектебінің ұжымымен кездесуінде депутаттар Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңына қатысты көптеген сұраққа жауап беріп, ұстаздардың сапалы білім беру мәселесі жайлы пікірлерін білді. Кездесуде ұстаздардың жалақысын арттыру, жастардың шет елдерге көптеп ағылуы мәселесі кеңінен сөз болды.

Ал ауданаралық көпбейінді ауруханасының қызметкерлері депутаттарға «Педагог мәртебесі туралы» заңы секілді «Дәрігер мәртебесі туралы» заң қабылдана ма деген сауалдарын қойды. Бұл күні Мәжіліс депутаттары аталған аудандағы Бастау селолық округіне ат басын бұрып, осында жаңадан ашылған дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысып, тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ асты.

 

Зеренді ауданы,

Ақмола облысы