• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2013

Қарағандыда әлі кеңес паспортымен жүрген адам бар

300 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында өткен кеңестік дәуірдегі паспортымен жүрген отбасы тұрады. Соның салдарынан аудан аумағынан шыға алмай отыр. Бұл туралы «Хабар» телеарнасының тілшісі хабарлады.

Қазір Қарағанды облысының Киевка қыстағында тұрып жатқан Рымкеш Юлдашева 1990 жылы елімізге көшіп келген. Сол кезден бері еш жерге тіркелмеген екен. Құжаты өзгертілмеген үлкен ұлы да Қарулы Күштер қатарына қабылданбапты. Тек қыз баласының мектепке барғанына шүкіршілік етіп отыр. Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері Өзбекстан еліне Рымкеш Юлдашеваның отбасы туралы сұрау салғанымен, әлі күнге дейін жауап келмеген. Жаңа төлқұжат алу үшін Өзбекстан жағы оларды өз азаматы ретінде тануы тиіс.

Данияр Түймебай.