• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қаңтар, 2020

Ұшақ апатына байланысты Үкіметтік комиссия мәлімдеме жасайды

373 рет
көрсетілді

Ертең Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында BekAir әуекомпаниясы ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамы жарияланады. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.

«10 қаңтар күні сағат 15:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысындағы BekAir әуекомпаниясы ұшағының апаты себептерін анықтау бойынша үкіметтік комиссия жұмысының алдын ала болжамы бойынша мәлімдеме жасалады» делінген хабарламада.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр; Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев ; Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко баяндама жасайтын болады.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан BekAir компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды. Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен ұшақ апатының себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өтті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия жіберілген болатын.