• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2020

Құлан атқан браконьерлер іздестіріліп жатыр

402 рет
көрсетілді

Қостанай облысындағы «Алтын дала» табиғи резерватына былтыр ғана жіберілген тоғыз құланның бірі браконьер оғынан мерт болды. Қорықшылар 26 желтоқсан күні Арқалық маңындағы Қайыңды ауылынан 30 шақырым жерде құланның мойнындағы спутник арқылы бақыланатын GPS қарғыбауы қозғалыссыз қалғанын байқаған. Оқиға орнына жедел жеткен олар жануардың басы мен GPS қарғыбауын ғана табады. Құлан құлаған жерде көлік ізі қалғанын байқаған олар, дереу суретке түсіріп, Арқалық қалалық полиция басқармасына арыз түсіреді.

Бұл туралы облыстық полиция депар­таментінде өткен баспасөз жиынында айтылды. Полицейлер оқиға орнына жеткенше, құланның басын да, көліктен қалған ізді де қар басып қалған.

– Біздің мамандар қарғыбауды ғана тапты. Қылмысты ашу үшін арнайы топ құрылды. Қазір ҚР ҚК-нің 337-бабы бойынша іс қозғалды. Заңсыз аңшы­лық жасағандарға қатысты алдын ала тергеу шаралары жүргізілуде, – дейді Табиғатты қорғау бөлімінің бастығы Талғат Ахметов.

Табиғат еркесін бассыз қанжығасына бөк­терген браконьерлер қолға түсіп, қыл­мысы дәледенсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

 

Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ

 

Қостанай облысы