• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2020

Стипендияға 10 педагог ие болды

485 рет
көрсетілді

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен «ІІ Global Teaching Qazsaq» халықаралық форумына Ресей, Өзбекстан, Жапония, Қазақстан және Түркия елдері­нен келген білім саласының білікті мамандары қатысты.

Мұғалімнің қоғамдағы рөлі, білім сапасын арттыруда оқушымен, ата-аналармен бай­ланыс ерекшеліктеріне тоқ­талған Р.Масырова, Б.Сей­далиев, Н.Такаши, А.Аляз, Г.Галипова, Е.Әуел және басқа да педагогтар заманауи технологияларды күнделікті оқыту жүйесіне енгізу тәжірибелері туралы жайында баяндады. Ал «II Global Teaching Forum Qazsaq» жобасының директоры Диана Әбдіқадырова, бас редактор Медина Рей ал­дағы жоспар, педагог үшін жобаның пайдасы, қоғамдағы ұстаз мәртебесін көтеру, оқыту­шыларға арналған стипендия, басқа да мәселелер төңірегінде ой өрбітті.

«Qazsaq Media Group» ұйым­дастырған форум барысында республиканың он педагогына «Qazsaq» стипендиясы және де өзге қатысушы ұстаздарға халықаралық диплом, «Үздік педагог» төсбелгілері табыс етілді. Үз­діктерді іріктеуге қазылар ал­қасының құрамында Nur Otan, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері қа­тысты. Жоба шарты бойынша жеңімпаз болып танылған ұс­таздар 2020 жылдың мамыр айы­на дейін «QazsaqMediaGroup» атынан айлық жалақысының 10-15% мөлшерінде қосымша жәрдемақы алатын болады.

Форумға қатысушылар арасынан 30 педагог ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Ыстанбұлда өтетін халық­ара­лық «ІІI Global Teaching Forum Qazsaq» teach-турына ірік­­­­теледі. Ал алдағы уақыт­та фо­­румға қатысқан ұстаздар жұ­­мыс­тарының жинағы 50 000 тара­­лыммен жарық көрмек.

 

АЛМАТЫ