• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Қаңтар, 2020

Мәжіліс депутаты А.Мурадов маңғыстаулықтармен кездесті

159 рет
көрсетілді

Сапар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған депутат А.Мурадов Достық үйінде этномәдени бірлестік төрағалары және МО ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында депутат А.Мурадов Парламент мәжілісінің 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат берді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі хабаралды.

-Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, қазақ елі мемлекетінің беделі жылдан жылға артып келеді , деді депутат А.Мурадов.

Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаты «Педагог мәртебесі туралы» қабылданған заң жобасының жаңашылдықтарына тоқталды. Заң жобасын әзірлеудің негізгі идеясы — мұғалімдердің жүктемесін азайту, олардың міндетіне жатпайтын жұмыстарды орындаудан босату, сонымен қатар мұғалімдердің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын ұлғайтуға, педагогтік шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралар қарастырылғанын атап өтті.

Мәжіліс депутаты Волонтерлер жылына да тоқталды.

-Мемлекет басшысының жарлығымен 2020 жыл «Волонтерлер жылы» деп жарияланды. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы 4 бағыт бойынша Тұжырымдама әзірледі. Қазақстанның барлық өңірлері сол тұжырымдамаға сүйене отырып, ауқымды іс-шараларды өткізуге ат салысатын болады, деді депутат.