• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2020

Бейнеуде браконьерлер қолға түсті

276 рет
көрсетілді

«Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Бейнеу ауданында полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың басқаруындағы мотоциклден Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына жойылып бара жатқан түр ретінде кіретін қарақұйрықтың еті, сондай-ақ 16 калибрлі екіауыздық тегіс ұңғылы мылтық, 23 оқ-дәрі, пышақ табылып, тәркіленді. Өздерімен бірге мотокөлікті басқаруға құжаттар болған жоқ. Қазір ұсталғандарға қатысты «заңсыз аң аулау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл факт Қазақстан Республикасының ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Аңға оқ жаудырған күдіктінің біреуі уақытша қамау абақтысына жабылды. Сот-криминалистикалық сараптама тағайындалып, мотоцикл айып тұрағына қойылды.