• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2010

НАЗАРДА – ӘДІЛ СОТ МӘСЕЛЕЛЕРІ

690 рет
көрсетілді

Палата Төрағасының орын­басары Александр Судьиннің қа­тысуымен әрі заңнама және құ­қықтық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Имашевтің төра­ғалығымен өткен Сенат депутат­та­­рының төрелік соттар мен ар­битраждық органдар өкілдерімен кездесуінде балама әділ сот мәсе­лелері талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Комитет басшысы Б.Имашев өзінің алғысөзінде коммерциялық және азаматтық-құқықтық даулар­ды сотқа дейін шешудің мемлекет­тік емес заң жүйесін құру өзекті­лігін айта келіп, төрелік және арбитраж­дық сот ісін дамыту қажеттігін атап көрсетті. Азаматтық-құқықтық дауларды шешудің белгілі әрі тиімді балама әдісі – төрелік және арбитраж соты ісінің қызметі тиісті құқық­тық база­мен нығайтылған. Осы тұрғыда мы­надай заңдар бар: “Төрелік соттар туралы”, “Халық­аралық коммер­ция­лық арбитраж туралы”, “Қа­зақстан Республика­сының кейбір заңнамалық актіле­ріне мемлекеттің иммунитеті мен оның меншігі, төре­лік соттар мен халықаралық ком­мерциялық ар­битраж қызметте­рін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”. Б.Имашев іс-тәжірибелер осы салада қолданылып жүрген құқықтың одан әрі жетілдірілуін көрсетіп отырғандығын айтып, төрелік соттар мен арбитраждық органдар қызметіндегі өзекті мәсе­лелерді сындарлы талқылау бұл саладағы құқықтық реттеуді жақ­сартуға оң септігін тигізетіндігін атап өтті. “Заңнамалық тұрғыдағы кемшіліктерді қалпына келтіру осы соттан тыс органдардың құ­қық қорғау тетіктер жүйесіндегі өз­деріне лайықты орнын иелену­леріне мүмкіндік береді”, – деді сенатор. Қызу талқылау барысында Әділет вице-министрі М.Бекетаев, Жоғарғы Соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы А.Тәше­нова, С.Есқараев атындағы Бас про­куратура институтының дирек­торы С.Молдабаев және еліміздегі арбитраж сотының өкілдері төрелік және арбитраждық соттар жүйесін заңнамалық тұрғыдан нығайтуға қатысты өз ойларымен бөлісті. Кездесуді қорытындылай келіп Б.Имашев қатысушыларға сындар­лы пікір алмасулар үшін алғыс білдіріп, балама сот жүйесі мәселе­леріне қатысты заңнаманы жетіл­діру барысында айтылған ұсыныс­тар қолданылатындығын жеткізді.