• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2020

Елордада әлеуметтік маңызы бар тауарлар қанша тұрады

190 рет
көрсетілді

Қысқы маусымда қаладағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және баға өсімін алдын-алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы тарапынан үнемі бақылау жүргізіліп отырады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бас қаланың сауда нүктелерінде жүргізілген мониторинг негізінде «Астықжан» және «КеңМарт» сауда орталықтарында картоп пен сәбіздің бөлшек саудадағы бағасы – 78 теңгеден, пияз – 73 теңгеден, қырыққабат – 93 теңгеден белгіленді. Белгіленген бағалар  қаладағы «Шарын», «Алаш» секілді ірі  базарлардың  орташа көтерме бағасына сәйкес келеді.