Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қанат Таймерденовтың басшылығымен жол-көлік оқиғасының алдын-алу және жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жиын өтті. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған шараға Ақтау қаласының әкімі Ғ.Ниязов, қала прокуроры Б.Құлмағамбет, Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобильдер басқармасы бастығының орынбасары С.Мейрманов, «ҚазАвтоЖол» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары К.Суебаев, Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлім басшысы Ж.Құбашев, «Дженгиз Иншаат» АҚ өкілі, «Ақжол құрылыс» ЖШС директорының орынбасары Б.Елешов, «Ақжол +К» ЖШС директорының орынбасары С.Құсайынов, «Маңғыстау Дор-Сервис» бас инженері И.Нұралиев, ПД бастығының орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтау қаласы ПБ басшылығы, жол және техникалық инспекция бөлімінің жеке құрамы қатысты.
ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жеңіс Дадаев жол-көлік оқиғасының алдын-алу және жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында атқарылатын іс-шаралар туралы баяндады. Баяндамада ол жол-техникалық инспекциясы қызметінің негізгі бағыттары автожолдардағы жол қозғалысына қатысты ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізу және ұйымдастыру екендігін көрсетті.
Маңғыстау облысы аймағындағы қолданыстағы жолдардың ұзындығы 4371 шақырымды құрайды, соның ішінде республикалық маңыздағы жолдар – 1049 шақырым, жергілікті, аудандық маңыздағы жолдар – 1797 шақырым, шаруашылық жолдар – 718 шақырым, көше жол жүйелері 807 шақырымды құрайды.
Апаттылық жағдайларына талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – белгіленген жылдамдықтан асыру, қиылыстан өту ережелерін бұзу, қарама-қарсы бағытқа шығып кету, жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережесін бұзу болып табылады.
2019 жылдың 12 айында Маңғыстау облысы Әкімшілік полиция басқармасы және қала, аудандық полиция бөлімі жол техникалық инспекция қызметкерлерімен, Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және «ҚазАвтоЖол» АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, жол жүйелерін 13113 шақырымды қамтып, тексеріс жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жоюға 1122 жазбаша нұсқама берілді.
Жолдарды және техникалық құралдарды күтіп ұстау ережесін бұзған, тиісті дәрежеде орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 630, 631, 632-баптарының 1-тармағы бойынша 146 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 млн 152 мың 500 теңге айыппұл салынып, оның 1 млн 517 мың 477 теңгесі өндірілді. Жазбаша нұсқаманы орындамаған үшін Жолаушылар көлігі және абтомобиль жолдары бөлімшесінің бірінші басшысына және Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімшесіне Әкімшілік құқық бұзушы туралы кодексінің 462-бабының 3-тармағы бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылып сотқа жолданды.
Темір жол өткелдері бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жазбаша нұсқама беріліп, темір жол өтпесін күтіп ұстау қағидаларын бұзған 18 жауапты тұлға ӘҚБтК-нің 630, 631, 632-баптарының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Маңғыстау облысы әкімдігі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және «ҚазАвтоЖол» АҚ, жергілікті атқарушы органдарға жол жүйелерін сапалы ұстау және белгіленген құрылыс нормалары мен ережелеріне сай қалыпқа келтіріп, автокөлік құралдары қозғалысының қауіпсіз және қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету, жол жүйелеріне өзгерістер енгізіп, жол белгілерін орнатып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 79 ақпарат жолданды.
Маңғыстау облысы аумағында қолданыста барлығы 130 бағдаршам бар. Республикалық, облыстық маңыздағы тас жолдарға ағымдағы жылы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғасын болдырмау, ескерту мақсатында 13 билборд, жол-көлік оқиғасынан зардап шекен 2 автокөліктің макеті, 144 шаршы метр шулы жолақтар, 1203 шақырым жол таңбаларын жаңартып салу, автожолдардың бөлу өсінде, айырықтарда, көпірлер мен бұрылу алаңдарында 10 дана жол буферлері, 238 жол белгілері , 6 (пано) ақпараттық жол белгілері, 506 сигнал бағаналары, 640 шаршы метр жол қоршаулары, 6 жарық диодтты жаяу жүргінші жол белгілері орнатылды.
Ақтау қаласында 28 реттелмеген жаяу өтпеге шу жолақтары салынып, 3 жаяу өтпеге бағдаршам орнатылды.
Қ. Таймерденов атап өткендей, қаланың жағалау аймағындағы жолдарда 14 шағын ауданның 19 үйінен мен 15 шағын ауданның 37 үйге дейін 5 жасанды кедір-бұдырлықтың орнатылуына байланысты осы аймақта бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген.
Тәуліктің түнгі мезгілдерінде жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында полиция тарапынан Ақтау қаласының кейбір учаскелерді жарықтандыру құралдарымен жабдықтау шараларын қабылдау қажеттілігіне байланысты ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату қажеттілігі туралы бірлескен шешім қабылданды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жарықтандырылуын барлық жерде зерттеу жоспарланған. ЖКО жиі болатын учаскелерде шу жолақтарын орнату мәселесі қарастырылуда. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол лоинфрақұрылымын жақсарту жөніндегі кеңесті сол құрам тоқсанына бір рет облыс әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өтеді.