• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Тамыз, 2013

Жаңғырту стратегиясы

305 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің алдындағы ғаламдық қатерлерді нақтылап, дамудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын айқындап берді.

Үкіметке, бизнес пен қоғамға елімізді жалпыға бірдей тұрақты даму жолына түсіру мақсатындағы тапсырмаларды орындау жүктелді. «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы көшбасшылыққа жетелейтін қазақстандық жол – үдемелі индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрақты экономикалық жетістікке жету нәтижесінде орындалмақ.

 

 

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің алдындағы ғаламдық қатерлерді нақтылап, дамудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын айқындап берді.

Үкіметке, бизнес пен қоғамға елімізді жалпыға бірдей тұрақты даму жолына түсіру мақсатындағы тапсырмаларды орындау жүктелді. «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы көшбасшылыққа жетелейтін қазақстандық жол – үдемелі индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрақты экономикалық жетістікке жету нәтижесінде орындалмақ.

Қазақстанның геостратегиялық әлеуетті қуаты мен экономикадағы кө­лік­тік инфрақұрылымдағы «Қазақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ өзінің жүйе құрушы рөлін сезіне отырып, кор­по­ра­тивтік стратегиясын жүзеге асыруда. Компания Қазақстанның ұлттық кө­лік­тік-логистикалық операторы ретінде ел­ді стратегиялық жаңғыртуды және эко­но­ми­калық дамуды жүзеге асырудың құрамдас бөлігі болып қалыптасып келеді.

Компания бизнесі – жаңғыртылған миссиясы мен нарық құрылымындағы мақсатты орнына сәйкес ырғақты жүзеге асырылып келеді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тобына кіретін компаниялар портфелі, темір жол көлігіндегі жүк тасымалдау мен жолаушылар тасымалдау негізгі жұмысынан тыс, бүгінгі таңда логистикалық оператор мен түрлі көліктердің терминалдық инфрақұрылымында провайдерлік және логистикалық операторлық, көліктік машина (локомотив, вагон, құрал жабдықтар) жасау саласында өндіру және жеткізу (оның ішінде экспорттық та) қызметін көрсетеді.

Компанияның бизнес портфеліндегі өзгерістерге байланысты және саладағы институционалдық реформаларға орай, актив құрылымы мен құзыреттік мін­деттері өзгереді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қоры мен айналым кө­лемі жөнінен Қазақстандағы жетекші корпорация бола отырып, әлемдегі ірі темір жол компаниялары ішінде ондыққа енеді.

Компанияның ұзақ мерзімдік стра­те­гиялық дамуын тиімді жүзеге асыру оның экономикалық және әлеуметтік жұ­мысындағы көрсеткіштерінің жақ­сар­ғандығынан байқалады және тұрақты қаржылық өсімін қамтамасыз етіп келеді.

Мәселен, компанияның 2008 және 2012 жылдар аралығындағы жүк айна­лы­мы 214,9-дан 235,8 млрд. тонна ша­қы­рымға жетсе, жолаушы айналымы – 10,6-дан 16,7 млрд. жолаушы шақырымға кө­терілді. Нәтижесінде кіріс көлемі 1,7 есеге ( 496,8-дан 819,3 млрд. теңгеге) артты.

2012 жылы компанияның жинақталған таза табысы 113,3 млрд. теңгені құрады. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге жоғары көрсеткіш болып табылады.

Компанияның қаржылық тұрақтылығы мен корпоративтік басқаруды жақсарту үдерісі техникалық кешенді басқару жүйесін және технологиялық үдерістерді жаңарту мен жаңғыртуға ірі көлемдегі тиімді инвестициялар тартуға мүмкіндік әперді.

Инвестициялық саясатты тиімді жүр­гізу негізгі қордың тозығы жетуін 11-25 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік әперді.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАТЕРЛЕР

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңғырту жұмыстары компанияның ғаламдық қатерлерге өзіндік стратегиялық жауабы болып табылады.

Ғаламдық бәсекелестік күшейіп, әлем­дік қаржы дағдарысы жағадан алған шақта, нарықтардағы қиындықтардың басталуы Компанияның өзіндік стандартты емес шешімдерге барып, басымдық берілген серпінді жобалар жасауға ұмтылысы бәсекелестігін күшейтті.

Компания алдында стратегиялық жаңа өсімнің көздерін табу және ұзақ мерзімді дамудың бағыт бағдарын айқындап алу күн тәртібінде тұрды.

Оны жасақтау барысында мынадай маңызды жайттарды белгілеп алу қажеттігі байқалды:

Компанияның тұрақты дамуы үшін нарықтағы орнын айқындау?

Болашақтың «ақылды» эко