• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қаңтар, 2020

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында зымыран сынығының құлауына байланысты түсінік берді

590 рет
көрсетілді

"2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес ҚР аумағындағы полигонды жалға алған РФ Қорғаныс министрлігі сынақ орталығының жоспарлы оқу-жаттығулары уақытында бір зымыранның сынығы белгіленген орындардан тыс жерге құлауы орын алды. Жарылыс болған жоқ.

Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы зымыран сынығы құлаған аумақта зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Тұрғындар үшін жағдай қауіпті емес.

Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді пайдалана отырып, зымырандарды ұшыру оқу-жаттығуларды өткізудің жылдық жоспарына және кестесіне сәйкес жүргізілді.

Оқиға орнында ҚР ІІМ ТЖК қызметі жұмыс істеуде, полиция қызметкерлері зымыран сынығы құлаған ауданды оқшаулады.

Осы келісімге сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы мән-жайды және себептерді анықтауды жүргізетін болады." - деп атап өтілген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.