• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бокс 12 Қаңтар, 2020

23 жасар боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

1049 рет
көрсетілді

23 жастағы мексикалық спортшы Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) 35 жастағы ирландиялық Гэри «Спайк» О'Салливанды (30-4, 21 KO) орта салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде жеңгеннен кейін дивизион чемпиондарымен кездесуге дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Атап айтқанда, ол IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге, WBA Super және WBC (Franchise) титулдары бар мексикалық Сауль

«Канело» Альвареске (53-1-2, 36 КО), сондай-ақ, WBC нұсқасы бойынша америкалық чемпион Джермалл Чарлоны жекпе-жекке шақырды.

«Мен дивизиондағы үздіктер - «Канело», Головкин, Чарломен жұдырықтасқым келеді» деді Мунгия жеңісінен кейін.

Айта кетелік, ол О'Салливанды 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Алайда Мунгия бірінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.