• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қаңтар, 2020

«Қазгидромет» РМК бірқатар облыста дауылды ескерту жариялады

216 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын хабарлады. 

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, 13 қаңтарда Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Ал Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Сондай-ақ Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ал Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Белгілі болғандай, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын, батыстан соғатың желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Орал қаласында күндіз бұрқасын, батыстан соғатың желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Шымкент және Түркістанда қалаларында бүгін тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.