• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қаңтар, 2020

Лозанна-2020: Конькимен жүгіру спортынан қазақстандықтар нәтижесі

192 рет
көрсетілді

Лозаннадағы жасөспірімдер Олимпиадасында конькимен жүгіру спортынан 500 метр қашықтықтағы бәсекелер аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жеңімпаздардар қатарынан табылмады. Алина Дауранова 13-ші орын алса, Дарья Гаврилова 25-ші орыннан көрінді.

Аталған спорт түрі бойынша Изабелла Гревельт (Нидерланды) үздік атанды. Джинджи Ван (Қытай) екінші орын алса, Юкино Ешидо (Жапония) үшінші орынға тұрақтады.

Жасөспірім ұлдардан Евгений Кошкин 21-ші орынға, Ақжол Нұралы 26-шы орынға жайғасты. Юдай Ямомота (Жапония) жеңімпаз атанса, Нил Ллоп (Испания) екінші, Живен Ксю (Қытай) үшінші болды.