• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қаңтар, 2020

IQala орталығы елордалықтарға 119 қызмет түрін көрсетеді

115 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары электрондық цифрлық қолтаңбаны IQala қалалық қызметтер көрсету орталығында алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram арнасында мәлім етті.

«Енді аудан тұрғындарына электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін ХҚКО-на бару міндетті емес. Бұл қызмет IQala-да жеке тұлғалар үшін қолжетімді. Бұл жақын деген Халыққа қызмет көрсету орталығына дейін айтарлықтай алшақтықты ескерсек, өте ыңғайлы», деп жазды Малика Бектұрова.

Жалпы IQala орталығында тұрғындарға 119 қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде  65% цифрлық форматта жүргізілуде. Мәселен, қала тұрғындары «Астана Су Арнасы», «Астана-БЕО», «АРЭК» және т.б. шарт жасаса алады.

Орталық ашылған сәтінен бастап 3.8 мың операциялар көрсетілген. Аталған қызметтерді елордалықтар www.iqala.kz порталында онлайн режимде немесе Р. Қошкарбаев көшесі, 29 мекенжайындағы кеңседен алу мүмкіндіктері бар.