Волейболдан Қазақстан әйелдер құрама командасы лицензиялық турнирде үшінші орынға ие болды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Аталған жарысты 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына бір лицензия ойнатылды. Қазақстандық команда жарыстың топтық кезеңінде Иран мен Индонезия құрамасын жеңіп, Тайландтан жеңілген болатын.
Қола жүлдесі үшін Қазақстан Тайбейге қарсы кездесу өткізіп, оны 3:1 есебімен жеңді (25-21, 22-25, 25-21, 27-25). Олимпиада ойындарына жалғыз жолдаманы енді финалға шыққан қос команда Тайланд пен Оңтүстік Корея өзара сарапқа салады.