• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2020

Қарағанды облысында жол жөндеуге 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

200 рет
көрсетілді

Биыл Қарағанды облысында жолдарды жөндеуге 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы аппарат кеңесінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есентаев мәлім етті деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы жылдың соңына қарай облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың саны жалпы санның 84% құрауы тиіс. Жоспар бойынша қалааралық трассалар және қалалардағы көлік жүретін жол бөліктері ретке келтіріледі. Сондай-ақ, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша бес аудандағы жолдарды жөндеу де осы сомаға кіреді.

Ақтоғай ауылында 10,67 шақырым жол жөнделеді. Қарқаралы ауданында - Қарағайлы, Көктас және Бүркітті кенттерінде 17,7 шақырым асфальт жабыны қалпына келтіріледі. Осакаровкада - 3,22 шақырым, сонымен қатар

Ақсу-Аюлы кентінде тағы 5,3 шақырым жол жөнделеді. Жезді ауылында 8,1 шақырым жол жабыны ретке келтіріледі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек басқарма басшыларына барлық конкурстық процедураларды мерзімінде өткізіп, мердігерлерді анықтауды тапсырды.