• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қаңтар, 2020

«Астана» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

244 рет
көрсетілді

Роман Григорчук елордалық «Астана» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды.

 

Украиналық маман 2018 жылы маусым айының ортасында команда тізігінін ұстап, кейінірек отбасылық жағдайына байланысты клуб сапынан кеткен болатын. Артынша 2019 жылдың қаңтар айында өз жұмысына қайта оралған да еді.

Өткен жылы оның басшылығымен команда Қазақстан Премьер-лигасында топ жарып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын.

Сондай-ақ клуб сапынан бас бапкердің ассистенттері Михаил Савка, Анатолий Коротя және қақпашылар жаттықтырушысы Андрей Глущенко кетті.

Елорда командасы осы орайда Роман Йосифовичке және оның бапкерлер құрамына алғыс білдіріп, алдағы бапкерлік мансабына сәттілік тіледі.