• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қаңтар, 2020

ШҚО: 2020 жылдың І тоқсанында 70 мыңға жуық адам АӘК алады

131 рет
көрсетілді

5 қаңтардан бастап облыстың барлық 19 аудан және қалаларында АӘК тағайындау үшін құжаттар қабылдау жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталықтарына 4400-ден астам адам кеңес алды, 637 өтініш учаскелік комиссияға жіберілді. Жалпы, 2020 жылдың І тоқсанында  облыста 70 мыңға жуық адам АӘК алады деп жоспарлануда. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Барлық 19 қала мен аудандарда 2019 жылы АӘК алған, бірақ 2020 жылы АӘК аясына түспейтін отбасылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 258 ақпараттық топ құрылды. Қазіргі уақытта облыс бойынша түсіндіру жұмыстарымен 3581 отбасы қамтылған, оның ішінде 2038 аз қамтылған және 1543 көп балалы отбасы, – дейді басқарма басшысы Жасұлан Сәрсебаев.          

Аймақ басшысы ШҚО-да қазіргі уақытта жұмыссыздықпен күресу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Бұл өз бизнесін ашу үшін гранттар бөлу, төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беру.

– Облыста әрбір мұқтаж отбасына тиімді әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс. Бұдан басқа, еңбекке ынталандыру жасау, халықты жұмыспен қамту жағдайларын қарастыру және соның салдарынан кедейшілік шегін қысқарту қажет. Бұл шешілуі тиіс басты міндеттердің бірі, – деді Даниал Ахметов.

Айта кету керек, АӘК жаңа тетігі аясында жұмысқа орналасудан бас тартқан еңбекке қабілетті адамдар АӘК-дан 6 айға айрылады. Сондай-ақ, келісімшарт талаптары бұзылған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жарты жылға тоқтатылады.