Кувейтте нысана көздеу мен стенд атудан Гран-при бәсекесі өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт минисиплігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан құрамасынан стенд атудың «трап» бағдарламасында сынға түскен Анастасия Давыдова үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар тағы бір спортшымыз Екатерина Иванова турнирді 6-орынмен аяқтады.
Айта кетейік, жалпы есепте италиялық Гайя Рагацинни топ жарса, отандасы Гиулия Грассиа күміс жүлдеге ие болды.