• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2010

ҚАЗАҚСТАНДА АВТОМОБИЛЬДЕР ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ

598 рет
көрсетілді

24 наурызда Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов басқаратын екі елдің жұмыс топтарының арасында келіссөздер өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Тараптар Кеден одағы қызметі жағдайындағы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынас­тар­ды, оның ішінде болашақта Кеден одағына мүше елдер рыногына шығару үшін Қазақстанда жеңіл автомобильдерді құрастыру өндірісін дамыту мәселелерін талқылады. Алғашқы сатыда Қазақстанда УАЗ автомобильдерін құрастыру өндірісін ұйымдастыру ойласты­ры­лу­да. Сонымен бірге, перспективалы шетелдік автомобильдер маркаларын қоса алғанда, неғұрлым кең модельді желі өндірісін іске қосу арқылы, зауыттың өндірістік қуатын жылына 50 автомобиль шығаруға дейін жет­кізе отырып, жоба ауқымын ұлғайту мәселелері де қарастырылуда. Қазақстанда шығарылатын ав­то­мо­бильдер үшін Өзбекстан, Қыр­ғыз­стан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения және басқа да көрші елдер болашағы зор өткізу рыногы ретінде қарастырылуда.