• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 15 Қаңтар, 2020

Мультимедиялық музей

593 рет
көрсетілді

Облыс орталығында ашылған мультимедиялық музейде real-book кітабы, ақпараттық touch-панелі, заманауи инс­талляциялар қарастырылған. Яғни, керек ақпаратыңызды үлкен экраннан көре аласыз. Онда геология, физикалық география, ежелгі флора мен фаунасынан, өңірдің палеозой заманынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихы жинақталған.

Ал музейге кіреберісте сізді Мұз дәуірінде тіршілік еткен мамонт­тың көшірме алып қаң­қа­сы қарсы алады.

Археологиялық экспо­нат­тар­дың көбі шынайы, көне замандағы бизон мен бұғының қаң­қасы да келушілерді таң­ғал­дырады.

Музей залдарындағы шынайы археологиялық және табиғи экспонаттар заманауи муль­тимедиялық технология­лар арқылы ерекше әсер береді.

Мұнда 9 экспозициялық зал, реставрациялық зертхана, «Gloss Vision» атты виртуалды киім өлшеу алаңы, жерлес ғалымдарға арналған бөлімдер бар. Электронды-цифрлы үлгі­де­гі тарихи ақпараттар үш тіл­де берілген.

Бұдан әрі қарай аралап жүріп, Мұз дәуірінің ландшафты, Кере­ку өңірінің табиғи бай фло­расы мен фаунасының эволюциясы, «Қазқонақ» табиғи ескерткішін мекен еткен түрлі құстың жасанды түрін көресіз.

Келушілерді көптеген инс­талляция – үлкен мүйізді бұғы сүйектері, мамонттар, бизондар, тарих, геология, археология бойынша әртүрлі дәуірдің заттары қызықтырады.

Айтпақшы, өңірде жұмыс сапарында жүрген Мәжіліс депутаттары Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина да музейді аралап шығып, таңғалыпты.

Музей директоры Гүлнәр Нұрах­мето­ваның айтуын­ша, му­зейді құру үшін әлемнің тарихи-жаратылыс­та­ну музей­ле­рінің үлгісін пай­да­ла­нғ­ан. Ресейдегі жаңа­шыл­дықтармен танысып, жергілікті ғалымдар пікірлерін тыңдаған. Қазір 300-ден аса экспонат сақтаулы.

Жаңа музей жалпы, ежелгі дүние тарихы, көшпелілер өркениеті, этнографиялық бағыт­та құрыл­ған. Көне жәді­гер­­лер мен муль­ти­ме­дия­лық контент заманауи музейлік кешен­ді жасауға мүмкіндік берді.

Мысалы, Көшпелілер өрке­ниеті интерактивті алаң ретін­де жасалған. Бұл жерде әркім ежелгі адамға айналып, ыдыс немесе үй жиһазын жасап, қола немесе темірден жебенің ұшын құйып көруі мүмкін.

Музей Ертіс өзені жаға­ла­уында орналасқан, руха­ни нысанның ашылуына облыс­ әкімдігі бастама жасаса, ERG компаниясы демеушілік көр­сетті.

 

Павлодар