• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2020

Біржан елінде берекелі шаруалар атқарылып жатыр

152 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркениетінің негізі» атты Жолдауынан туындаған міндеттер Біржан сал ауданында мықтап жүзеге асырылуда. Ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түскен.

Өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын таразы басына тартсаңыз, барлық салаларда біршама өсім байқалады. Өткен жылы аудан үшін маңызды оқиғаларға толы болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша айта қаларлықтай шаралар жүзеге асырылды. Әсіресе, ауданға есімі берілген Біржан салдың мерейтойына байланысты ұлтымыздың рухани әлеміне өшпес үлес қосар шығармашылығы жан-жақты насихатталды.

Ауданда жұмыссыздық деңгейі өткен жылдармен салыстырғанда біршама төмендеп, әлеуметтік нысандар салына бастады. Жұмыспен нәтижелі қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» жаңа бағдарламасы шеңберінде өткен жылы қолдау шараларымен 367 адам қамтылған. Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін табуда. Сәуле, Құдықағаш және Ақтас ауылдарына су құбырын тарту жұмыстары басталып кетті. Ал, Макинка, Баймырза, Сәуле, Тасшалқар, Алға ауылдық клубтары қалпына келтірілуде. «Сыбаға», «Алтын асық», «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» тәрізді мемлекеттік бағдарламалар ойдағыдай жүзеге асырылуда.