• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2020

Ақтауда «Қауіпсіз қала» акциясы өткізілді

421 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті, «Jas Otan» ЖҚ МОФ еріктілерімен және «КазТрансГазАймақ» АҚ Маңғыстау филиалы және «РЦКУ-Ақтау» ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп Ақтау қаласы бойынша ашық тұрған люктерге және улы газ датчиктері құрылғыларының жағдайына мониторинг жүргізу бойынша «Қауіпсіз қала» атты акциясын ұйымдастырды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Акция барысында қала аумағындағы ашық тұрған люктерді анықтау мақсатында облыстық «Mangistau» телеарнасында және «Лада», «Тумба», «In.Aktau» сайттары мен месенджерінде хабарлама жарияланып, ашық тұрған люктер бойынша ақпараттар мен фотоматериалдары жинақталуда.

-Қазіргі таңда қала аумағында 17 дана ашық люктер туралы ақпарат жиналды. Акция қорытындысы бойынша тиісті органдарға кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс жолданылатын болады.

Сонымен қатар қала аумағында қондырылған улы газ датчиктерінің жағдайына «КазТрансГазАймақ» АҚ Маңғыстау филиалы мен «РЦКУ-Ақтау» ЖШС қызметкерлерімен бақылау жасалынды. Ақтау қаласының аумағында қазіргі таңда 1897 дана улы газ датчиктері қондырылған. Мониторинг жүргізу барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өткізілді, деді Маңғыстау облысы ТЖД Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының қызметкерлері.