Маңғыстауда «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері пәтерлердің бірінде жалпы салмағы салмағы 250 келі құрайтын 77 дана бекіре тұқымдас балықты табылып, тәркіленді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша, бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулауға және сатуға болмайтындығын біле тұра онымен айналысуды табыс көзіне айналдырғандар заң алдына келді.
Аталған дерек Қазақстан Республикасының ҚК-нің 339-бабына сәйкес Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.