• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2020

Маңғыстауда жемқорлық ісі бойынша мониторинг қорытындысы жарияланды

237 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті 2019 жылдың 29-31 желтоқсан аралығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жасаған болатын, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Мониторинг БАҚ жарияланымдары, басқа да ақпараттық көздерінің хабарламалары, құқықтық статистикалық бағалау мәліметтерін жинақтап, талдау нәтижесімен жасалды.

Нәтижесінде 2019 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 25 тұлға жауапқа тартылған, оның ішінде ішкі істер органдарының – 8 тұлғасы (жергілікті полиция қызметі – 5, полиция бөлімі – 2, Полиция Департаменті – 1) сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 8 тұлға.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалған талдау нәтижесі бойынша құзырлы органдарға тиісті шаралар қолдану үшін ұсыныстар жолданды.