Маңғыстау облысы аумағында автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ бақылауды жетілдіру мақсатында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
15-17 қаңтар аралығында аталған іс-шара аясында көлік құралдарының техникалық жағдайына, сондай-ақ тиісті құжаттардың бар-жоғын тексеруге ерекше назар аударылатын болады. Рейдтік іс-шаралардың бірінші күні Маңғыстау облысы бойынша автокөлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзған 160-тан астам бұзушылығы анықталды.
Сонымен «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының 2 сағат ішінде облыс ЖП инспекторлары полиция лейтенанты М. Капулов пен полиция сержанты М. Айғожаев автобус жүргізушілеріне қатысты 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Жолаушылар тасымалының бұзылуы, қауіпсіздік белдігі, тиісті құжаттардың болмауы және ұялы телефонды пайдалану жиі кездеседі.