Маңғыстау облысының аумағында синтетикалық есірткі жеткізумен ұзақ уақыт айналысқан топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы «Грин Парк» тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде Алматы қаласының тумасы - екі ер адамды ұстады. Тінту кезінде олардан жалпы салмағы жарты келіге жуық 240 дана кішкентай пакеттерге салынған синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды.
Бұл факт Қазақстан Республикасының ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-да тіркелген. Күдіктілер Ақтау қаласы ПБ Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-химиялық сараптама тағайындалды.