• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Парламент 17 Қаңтар, 2020

Маңызы жоғары жайттар қозғалды

285 рет
көрсетілді

Сенатор Бақытжан Жұма­ғұлов жұмыс бабындағы сапар­мен Ақмола облысында болды. Сенатор Көкшетау қала­сындағы бірқатар білім беру ны­сандарын аралап, оқыту­шылармен, оқушылармен және студенттермен кездесті.

Кездесулерде «Педагог мәр­тебесі туралы» заң мен Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мем­лекеттік бағдарламасының ережелері жан-жақты түсін­діріл­ді.

Депутат жаңа заңдағы әдепке қатысты және басқа да құқықтық, әлеуметтік кепілдіктер туралы ережелер жайлы айта келіп, педагогтердің өз қызметіне адалдығы бәрінен де жоғары екенін ерекше атап өтті.

* * *

Сенаторлар Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысы Алға ауданындағы Үшқұдық, Тік­қайың, Қарақобда және Сарықоба ауылдарына барды.

Олар осы ауылдардағы мек­теп­тердің жағдайымен танысып, педагогтермен және оқушылармен кездесті. Кездесу барысында пе­дагог мәртебесін арттыруға бай­ланысты мәсе­лелер мен ден­сау­лық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдар­ға арналған мемле­кеттік бағдар­ламасы туралы ай­тылды.

Депутаттар Алға ауданындағы сапарының соңында 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан шаруа қожалығында болды. Әбдіразақ Жақанның шаруа­шылығында 350 жылқы, 270 асыл тұқымды ірі қара және 800 қой бар.

Тұрғындармен болған барлық кездесулерде медициналық қыз­мет көрсету, білікті мамандардың жетіспеушілігі, қарапайым дәрі-дәрмектің жоқтығы, жедел дәрі­герлік көмек көрсетудің қолжетім­сіздігі мәселесі көте­рілді.

Сенаторлар М.Тағымов пен М.Жұмағазиев ауылдық елді ме­кендерге сапарының қорытын­дысы бойынша Ақтөбе облысы­ның әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесті.

* * *

Сенат депутаты Төлеубек Мұ­қа­шев Ұлттық ұланның 5574 әс­ке­ри бөлімінің жауын­герлік және әдістемелік дай­ын­дық орталы­ғында болды.

Депутат сапар барысында Ішкі істер министрлігі мен Ұлт­тық ұланның бөлімшелері және еліміздің басқа да әлеуетті құры­лымдары іс жүзінде дайындықтан өтетін орталықтың негізгі мін­дет­терімен, инфрақұрылым бөлімі, казармалық-тұрғын үй қоры, оқу материалдық-техникалық ба­засының жай-күйі және даму келешегімен танысты.

* * *

Сенат депутаты Ләззат Сүлей­­мен Талдықорған қала­сын­дағы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды ара­лады және қала тұрғында­рымен бірнеше кездесу өткізді.

Сенатор қабылданған жаңа заңдар мен қолданыстағы заң­дарға түзетулер, құқық қорғау ор­гандарындағы реформалар туралы айтып, әлеуметтік қолдау жөніндегі аймақта жүзеге асып жатқан жұмыстарды азаматтарға таныс­тырды. Ләззат Сүлеймен сапар барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасы аясында ашылған «Jetysu Hub» IT-орталығында студенттер мен балалар жасаған жаңа жобаларды көрді. Орталық жас IT-мамандарды даярлауға, халық арасында стартап-мәдениетті қалыптастыруға және ел экономикасын ілгерілетуге арналған жоғары технологиялық жобаларды әзірлеуге бағытталған.

Жұмыс сапары барысында сенатор Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында болып, медиация орталығының жұмысымен танысты. Кездесу барысында Қазақстандағы медиация институтын одан әрі дамыту келешегі, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын мемлекеттік реттеу тетіктері, сондай-ақ медиацияға байланысты бүгінгі таңда орын алған өзекті мәселелер талқыланды.

* * *

Сенат депутаты Серік Жақ­сы­­беков Нұр-Сұлтан қала­­лық мәслихатының бюд­жет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жө­нін­дегі тұрақты комиссиясы­ның мүшелерімен кездесті.

С.Жақсыбеков әңгіме бары­сында өзара іс-қимыл қалыптас­тырудағы ең басты идея – кері байланыс екенін атап өтті және Сенаттың заңнамалық қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық саласындағы өзге­рістерге қатысты заң жобасын қарау барысындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ осы заң жобасы бойынша келісу рәсімдері мен денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер бойынша заң жобаларының ережелері мен педагогтердің мәртебесі туралы айтып, олардың негізгі міндеттері мен маңызы туралы әңгімеледі. С.Жақсыбеков сонымен қатар қабылданған заңдардың іске асуын қадағалаудағы қиындықтарды айтты.

* * *

Сенат депутаты Сәуле Айт­паева жұмыс сапары барысын­да Ақмола облысындағы Жақ­сы ауданында болды.

Сенатор Жақсы аудандық ауруханасы мен №1 және №2 орта мектептердің жұмысымен та­нысты. Аудандық аурухана дәрігерлерімен кездесуде медицина саласы қызметкерлердің мәртебесін арттыру және оларды қорғау, міндетті әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру, ауыл­дық ауруханаларға кадрларды тартуға ықпал ететін «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдар­ламасының мәселелері көтерілді.

Аудан тұрғындары ауыл­дарда медициналық мекеме­лердің, дәрігерлер мен медицина саласының басқа да қызмет­керлерінің, медициналық материалдар мен жабдықтардың, дәрі-дәрмектің жетіспеуі мәселелерін көтерді. Шалғай аудандарда орна­ласқан тұрғындар саны аз елді мекендерде, ауылдарда күрделі жағдай қалыптасып отыр. Ауылдардағы медициналық кө­мекке мұқтаж егде жастағы тұр­ғындарының жағдайы өте қиын. Одан басқа, халық санының өсуі­не және пациенттерді емдеуге, алдын алуға және оңал­туға жаңа тәсіл­дерді енгізу қажет­тігіне байланыс­ты денсаулық сақ­тау жүйесін жаң­ғырту мейірби­келердің құзы­реті мен даярлы­ғына және мейір­бике қызметтерін дамытуға жаңа талаптар қояды.