• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қаңтар, 2020

Yessenov университетінде «Service learning» орталығы жұмыс жүргізуде

598 рет
көрсетілді

Yessenov университетінде былтырғы оқу жылынан өз қызметін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының жанынан бастаған инновациялық, оқу әдістемілік – «Service learning» (Қоғамға қызмет) орталығы қазіргі таңда облыс бойынша ауқымдық жұмыстар жүргізілуде.

Ш.Есенов атындағы КМТИУ – кәсіпкерлік және әлеуметтік жауапты университет деп өзін позициялайды.

- Біздің университеттің ең басты құндылықтарының бірі: Ашықтық, Ықыластылық. Креативтілік, яғни қоғамдық жауапкершілік, қоғамға қызмет ету болып саналады. Сондықтан 2018 жылы 1 қыркүйектен бастап «Service learning» (Қоғамға қызмет) орталығы Қазақстандағы ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып Университетіміздің оқу бағдарламасына енгізілген болатын, - деді университеттің «Қоғамға қызмет» орталығының үйлестірушісі Міржақып Бағдатұлы.

2019 жылдың сәуір айында Президент Қ.К. Тоқаев Университетке келген сапарында, «Service learning» орталығының қоғамның дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешудегі орнының маңыздылығына жоғары баға берген  болатын. Жобаның белсенділігі 7 аптаға созылады. Таңдаған жоба әлеуметтік қызмет саласымен, яғни әлеуметтік ұйымдармен байланысты болады.

Қазіргі таңда 150 ден астам әлеуметтік жобалар жүргізіліп, университет 23-тен астам әлеуметтік ұйымдармен, әлеуметтік институттармен қарым-қатынас орнатты, қазіргі таңда аясын кеңейту жұмыстары жөнінде байланыстар жүргізіліп жатыр.

«Service learning» пәні  - Қазақстан қоғамына таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдайтын, ынтымақтастыққа қабілетті, ұтқыр, негізгі ұстанымымен ерекшеленетін, елдің тағдыры үшін, оның әлеуметтік экономикалық өркендеуі үшін жауапкершілік сезіміне ие, бастамашыл кәсіби мамандардың шығуына ықпалын тигізеді.