• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Парламент 20 Қаңтар, 2020

Мәжілісте бала құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері талқыланды

338 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Ұлыбритания Елшілігі және Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының қолдауымен мемлекеттік органдары өкілдерімен сараптамалық кездесуі өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда Қазақстанда қиын өмірлік жағдайға түскен балалар мен отбасылар үшін көрсетілетін қызметтерді дамыту саласындағы реформалар және медициналық-әлеуметтік есепті сәтті жүзеге асыру бойынша практикалық шаралар талқыланды. Заң депутаттармен ұсынылған және Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 сәуірде оған қол қойған.

Заң Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы, Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы, Неке және отбасы туралы кодекстеріне түзетулер енгізді. Бұл заң «медициналық-әлеуметтік есеп» атты балаларды қорғау жүйесінің жаңа тетігін бекітті. Ол қиын өмірлік жағдайдағы балаларға медициналық, психологиялық, әлеуметтік, бейімдеушілік және реабилитациялық көмекті көрсету үшін жергілікті атқарушы органдарымен жүргізіледі.

Кездесу барысында Комитет төрағасы Нұрлан Әбдіров БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорына және Ұлыбритания Елшілігіне заң шығару барысында депутаттарға көрсетілетін көмек үшін алғысын айта отырып, заңнаманы жетілдіруде одан әрі ынтымақтыстыққа үмітін білдірді. Комитет хатшысы Светлана Бычкова заңды жүзеге асыру мониторингі барысында анықталған және шешуге тиісті мәселелер туралы хабарлады.

Кездесу қатысушылары арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мамандардың үнемі кәсіби дайындығын оқу орындары немесе әр салалық министрлікте оқыту арқылы қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг және тексеру тетіктерін енгізу, әрбір министрлікте әлеуметтік қызметтер туралы деректерді басқару жүйесін дамыту маңыздылығын атап өтті.