• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қаңтар, 2020

Әскери сүңгуірлер қысқы сүңгуді орындайды

631 рет
көрсетілді

Ашық теңізде қысқы жағдайда сүңгу дайындығы бойынша сабақтар Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Қазақстанның батысында өтуде. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сүңгуір ісі жөніндегі нұсқаушылардың басшылығымен білім алушы жеке құрам теорияны зерделеп, төмен температура кезінде сүңгуірлердің іс-әрекетінің практикалық дағдыларын пысықтайды. Айта кету керек, Каспий теңізіндегі қазіргі су температурасы Цельсия шкаласы бойынша + 3 градус.

Суға батқан кезде қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.

Кез келген ауа райында, күндіз және түнде де, суық суға түсу барлық әскери сүңгуірлер үшін міндетті жаттығулардың бір бөлігі ғана.