• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қаңтар, 2020

Заңсыз іс-әрекеттің жолын кесті

121 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Сары­ағаш шекара жасағының «Қапланбек» шекаралық ба­қылау-өткізу пунктінен бір түнде екі рет заңсыз жолмен тірідей 91 бас ірі қара малын алып өтпек болған 1986 жы­лы туған Қазақстан азаматы ұсталды.

Аталған азамат бірінші рет 2020 жылғы 14 қаңтар күні 00:43 сағатта жүк көлі­гіне тиелген 60 бас ірі қара малын алып өтпек болады. Құжатында 29 бас көрсе­тілгендіктен шекарашылар жолын кескен соң, екінші рет 2020 жылғы 14 қаңтар күні 01:14 сағатта жүк көлігіне тиелген 31 бас ірі қара малын алып қайтадан өтпек болып шекарашыларға ұсталды.

Екінші рет ұсталу себебі құжатында 26 бас ірі қара деп көрсетілген. Мал Сарыағаш аудан­дық вете­ринарлық қыз­мет мамандарына тапсырылды.