Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұрын «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ егін шауаршылығы және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы Е.Ж.Бектұровқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін тергеу жүргізілген.
Ол «Агрофирма Жер 888» ЖШС өкілінен 2017-2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидия беру мәселесін оң шешкені үшін 1 млн теңге көлемінде ақша қаражатын алдау жолымен иемденді деген күдікке ілінген болатын.
«Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Көкшетау қалалық сотының үкімімен Е.Ж.Бектұров алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды» делінген хабарламада.