• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қаңтар, 2020

ТурСтат: ТМД елдеріндегі ең танымал тау шаңғы курорттары

624 рет
көрсетілді

«ТурСтат» туристік порталы ТМД елдері арасында 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларына арналған ең үздік және танымал тау шаңғы курорттарының тізімін жариялады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, рейтинг қысқы демалысқа арналған курорттар ұсынысы мен турлар сараптамасы бойынша жасалған.

Сонымен ең үздік және танымал тау шаңғы курорттарының тізімі:

1.Қазақстан: Шымбұлақ, Алтай Альпісі, Өскемен мен Бурабай маңындағы Нұртау.

2.Беларусь: Логойск, Силичи мен Якутск таулары

3.Әзірбайжан: Шахдаг пен Туфандаг

4.Армения: Цахкадзор, Джермук

5.Қырғыз елі: Қаракөл.

6.Өзбекстан: Шымған, Белдерсай, Әмірсой.