• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қаңтар, 2020

Маңғыстауда QR-Mangystau мобильді қосымшасы жұмыс істейді

335 рет
көрсетілді

Бұл қосымша аймақтың тарихи-мәдени ескерткіштері туралы баяндайды және өңірдің 49 көрікті жерлерін біріктіреді. Ол Бекет ата, Шақпақ ата мешіттері, Отпан Тау кешені және басқа да QR кодтары орнатылған жерлер. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы мемлекеттік тарихи-мәдени қорық директорының орынбасары Марат Өтесінов мәлім етті.

Смартфонды қолдана отырып саяхатшылар әр ескерткіш туралы толық ақпарат ала алады. Бір ерекшелігі – аталған мобильді қосымша интернетсіз де жұмыс істейді. Ақпарат үш тілде ұсынылады: қазақ, орыс және ағылшын.

Сонымен қатар облыста «Маңғыстаудың киелі жерлерінің» интерактивті картасын жасақтады. Қазіргі уақытта интерактивті картада Қазақстанның қасиетті жерлерінің ұлттық және аймақтық тізіміне енген 43 қасиетті нысан бар. Олардың әрқайсының ақпараты бар (аңыздар, тарих, фотосуреттер, видео, 3D панорамалар). Оның барлығын интернеттің көмегімен әлемнің кез келген нүктесінен көруге болады.

Бұл - «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың аз ғана бөлігі. Жоғарыда аталған жұмыспен қатар, 7 анимациялық бейнежазбалар жасалды. Яғни, көрермен кез-келген ескерткіштің ішіне кіріп, оның қалай тұрғызылғанын және қазіргі кездегі көрінісін көре алады.