• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 22 Қаңтар, 2020

Президенттің Абай туралы мақаласы түрік газетінде жарық көрді

631 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы Түркияның «Önce Vatan» басылымына шықты. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жариялады. 

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түрік тіліне аударылып, Түркияның «Önce Vatan» газетінде жарияланды. Абай - түбі бір түркі дүниесінің ортақ ойшыл-шайыры!» деп жазды Дархан Қыдырәлі.

Мақаланы түрік тіліне Халықаралық Түркі академиясы аударған.