Ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығы орай, «Фараби әлемі» атты ғылыми конференция, «Серікбол Қондыбайдың арғықазақ мифологиясын зерттеуде қолданған методологиясы мен логикалық тұрғыдан жобалау ерекшеліктері» атты монография, Бату хан негізін қалаған Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай Атырау облысында, Маңғыстау өңірінде жатқан республикалық дәрежедегі «Шопан ата», «Қараман ата» ескерткішінде ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте белгілі болды.
2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясындағы мәдени іс-шаралар мен «Абай әлемі және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан бөлек облыс көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылмақ.
Биыл сонымен қатар өнерсүйер қауым Пір-Бекет Атаның 270 жылдығына орай қалалық ақындар мүшайрасы мен Ақтау қалалық «Жыр-ғұмыр» атты кәсіби жыршы-термешілер байқауын тамашалай алады.
Қазақ халқының құнды жәдігері киіз үй түрлері, оның құрылымы, жасаушы шеберлер туралы деректер жинақталып, «Тіршілік нәрі, көненің көзі - Маңғыстау құдықтарын» зерттеу, олардың тізімін жасақтап картасын дайындау, мемлекет қорғауына алу бағыттарында кешенді іс-шаралар жасалады.
Сондай-ақ өңірлік сараптау кеңесі төрағасының орынбасары, өлкетанушы Алқажан Еділхантегінің айтуынша, қазақстандық ғалымдар «Адай жылқысы» мәртебесін алу мақсатында осы жылдың соңына дейін жұмыла жұмыстанбақшы.