Таяуда Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы фототұзақ объективіне үш қар барысы түсті.
БҰҰ Даму бағдарламасының жануарлар әлемін басқару жүйесі бойынша сарапшысы Айман Омарбекованың айтуынша, аталған аңның камераға екі аланымен жүрген енесі түскен екен. Күшіктердің жасы – шамамен 1,5 жыл. Сирек кадрды биыл қаңтар айының басында Алматы қорығы мен Зоология институтының мамандары алды.
Елімізде қар барысы айрықша қорғалатын Тянь-Шань, Жетісу, Тарбағатай, Сауыр мен Алтай тауларында мекендейді. БҰҰ Даму бағдарламасы былтыр қар барысын бақылау мен қорғау мақсатында Алматы табиғи қорығына 25 фотоқұрылғы сатып алып беріпті. Бұл құрал Жаһандық экологиялық қор, БҰҰ ДБ және Қазақстан Үкіметінің ортақ жобасы аясында сатып алынды. Қазіргі уақытта қар барысын бақылау үшін 294 фотоқұрылғы Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ерекше қорғалатын 13 аумаққа қойылды. Ал елімізде барыстың жалпы саны 130-140 шамасында.