• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Қаңтар, 2020

Үкілеген үмітті ақтайтынымызға сенемін

321 рет
көрсетілді

Бүгінгі әлем бұрынғы әлемнен әлдеқайда өзгеше. Мысалы, климаттың антропогендік өзгеруі қарқынды жүріп, жаңа технологиялардың таралуы әлемдік үдерістерді қалыптастырып жатыр. Мұндай мәселелер мемлекеттердің алдына жаңаша сын-тегеуріндер қоятыны белгілі.

Егер біз қазіргі заманды адамзат тари­­хындағы жаңа бір кезең деп қарас­тыр­сақ, әрине мемлекетімізді жаңа белестерге жеткізе алатын, жа­ңа­ша ойланатын жастарды мемле­кет­тік қызметке тарту қажеттігі туын­дай­ды.

Сондықтан Президенттік жас­тар кадр резерві бағдарламасының ең басты артық­шылығы – Қазақ­стан­дағы мем­лекеттік қызметті ұтым­ды транс­формациялау. Яғни, мем­ле­кет­тік қызмет қазіргі заманның сын-тегеуріндерді ескеріп, иннова­ция­лық амалдарды қолдана отырып, елімізді әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері қатарына енуін жүзеге асыруы қажет. Осы тұрғыдан алғанда, елі­міздегі алғыр жастардың басын біріктіру – биік мақсатқа жету жо­лын­да­ғы алғашқы баспалдақ.

Іріктеу процесі күрделі болғанына қа­рамастан, қызықты өтті деп ойлай­мын. Алғашқы екі кезең цифрлы және вербалдық тестілерден құралған. Ондағы басты мақсат – адамдарың қысқа уақыт ішінде тапсырманы тү­сі­ніп, берілген цифрлы және басқа ақ­­паратты талдай алуын анықтау. Үшінші кезең үш негізгі элементтен тұрды: жобаны таныстыру, эссе жазу және әлеуетті бағалау. Менің жобамда Қазақ­станның су қауіпсіздігі мәсе­ле­леріне арналған шешімдер қарас­­ты­рыл­ған. Эссе жазу барысын­да үміт­кер­лердің аналитикалық дағ­ды­ла­ры баға­ланды.

Әлеуетті бағалау біздің қан­ша­лық­­ты ко­мандамен жұмыс істей алуы­­­мыз, бе­рілген тапсырмаға соны ше­шім­­­­дер таба алуымыз сияқты қа­сиет­­­те­рі­мізді көрсетті. Мен үшін ең қы­зық кезең – эксперттік комиссиямен әңгімелесу. Сол кезеңде мен идеяларыммен егжей-тегжейлі бөлісіп, су қауіпсіздігі мәселелерін шешу бо­­йынша пікіріммен бөлісуге мүмкіндік алдым.

Президенттік жастар кадр резерві бағ­дарламасы Мемлекет басшысының бізге артқан сенімі деп білемін. Мен үшін мұндай сенім – өте жоғары жа­уап­­­­кершілік. Сол себепті, алған бі­­­лімімді ел игілігіне жаратып, өз пай­­дам­­ды тигізе әкеле аламын деген үміт­­­­­темін. Еліміздің экологиясын жақ­­­­­сар­­туға өз үлесімді қоса алатыныма се­не­мін.

 

Зульфия СҮЛЕЙМЕНОВА,

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі