• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Руханият 23 Қаңтар, 2020

Кәріпбектің көрмесі

199 рет
көрсетілді

Халықаралық ан­тиядролық қоз­ғалыстың бел­сен­­дісі, екі қолы жоқ су­ретші Кә­ріп­бек Күйіков қа­­ра­ған­дылық өнер­сүйер қа­уымды жыл са­йын өзі­нің жеке көрмесі­мен қуан­тып отырады. Бұл жолы қылқалам иесі қала тұр­ғындары мен қонақтарының назарына 60-тан астам туындысын ұсынды. Олардың арасында кейінгі уақытта салынған картиналар да бар.

Сонымен бірге аталған мә­дени шара аясында Кәріп­бектің «Шын жүрегіммен құт­тық­таймын» атты кітап-альбо­мының тұсаукесер рәсімі ұйым­­дастырылды.

Үш бөлімнен тұратын жаңа туын­дыда Кәріпбектің өмірі мен шығар­машылығы жан-жақты қамтылған. Бірінші бөлімде оның әр жылдары салынған 100 картинасы өнер­танушылық талдау материалдарымен қоса көрініс тапса, екінші бөлім тұ­тастай Қазақ­станның ядролық қару­сыз бола­шаққа қарсы кү­рестегі қыз­метіне арналған. Ал соң­ғы бө­лімде антиядролық қоз­­ғалыс белсендісі қатысқан бар­­­лық ха­лықаралық форум, оның жұмыстары ұсынылған көр­­­мелер турасындағы мағ­лұ­мат­тар топтастырылып­ты.

«Кітапта Кәріпбектің ба­ла­лық ша­ғы туралы мате­риалдар және оның өмір­бая­­­нынан алын­ған деректер бар. Туынды суретшінің «Кә­­ріпбек Күйі­ковтің өмір сү­ру ережелері» атты сұх­ба­­­тының топтамасымен тү­йін­­­деле­ді. Бұл кітап төрт ай ішінде құрасты­рыл­ды», дей­­ді облыстық бейнелеу өне­рі мұражайы басшысының орын­­басары Александр Гехт.

«Рухани жаңғыру» жобасы аясында жарық көрген «Шын жүрегіммен құт­тықтаймын» кітап-альбомы жобасына мұ­ражай директоры Бибігүл Құдабаеваның жетекшілік еткенін айта кеткен ләзім. Сон­­­дай-ақ бұл ша­рапатты іс­­ке өнертанушы Наталья Ива­­­нина, аудармашы Даяна Ыс­қақова, дизайнер Балауса Ту­ра­лықова да мол үлес қос­қан.

 

ҚАРАҒАНДЫ