Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы хабарлады.
«23 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты қала мектептерінде екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері оқымайды» делінген Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының ақпаратында.
Айта кетейік, елордада I ауысымдағы оқушылар мен 1-2 курс колледж студенттеріне сабақ болмайтынын хабарлаған болатынбыз.