Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы әзербайжандық басылымда жарияланды. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жазды.
«Түбі бір түркі әлемінің ортақ тұлғасы Абайдың 175 жылдығына байланысты ұлы хәкімнің мұрасын кеңінен насихаттап жатқан әзербайжандық бауырларымызға Тәңір жарылқасын айтамыз!» деп жазды Дархан Қыдырәлі.