• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қаңтар, 2020

Алматы облысында тіркелмеген көліктер 18 адамның ажалына себепші болған

100 рет
көрсетілді

Алматы облысында Ресей, Қырғызстан және Армения елінің есебінде тұратын көлік саны көп.

Өкінішке қарай, бұл көлік иелері де жол ережесін белден басып, айыппұл төлеуден жалтарып келген екен. Жолдағы оқиғаларға да себепші болғандары жоқ емес. Өткен жылы шетелдік нөмірілі 37 көлік апатқа ұшырапты.

Облыс полицейлерінің дерегінше, аймақ жолдарында болған осы апаттардың кесірінен 80 жолаушы жаралынып, 18 адам қайтыс болған. Тәртіп сақшылары шетелде тіркелген көлік иелерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен, қаңтар айы бойы жүргізілген  «Жолдағы қабылдау» акциясы аясында бұл жұмысқа тыңғылықты көңіл бөлінген.